Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы
Осы редакция 2010 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Васильевич Жигаловқа кағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|