|
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Осы редакция 2010 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы жарлыққа түсіндірмені қара
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің жауап әрекетінің болуын қамтамасыз етіп және кінәлілерді заңда белгіленген жауапқа тарта отырып, құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары деп айқындалсын. 2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар көздесін; мемлекеттік қызметшінің өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізуін оның міндетіне енгізсін, осы міндетті орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықты көздесін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|