Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жауапты хатшысының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 97 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті туралы
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында реттеу, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар. 6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің штат саны шегінде Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді. 7. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі 10, «Министрліктер үйі», № 13 кіре беріс. 8. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|