Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы
Осы редакция 2010 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қатысушыларының арасындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы біркелкі қолдану және қатысушылардың үлестеріне қатысты дауларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қызметін, оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңынан және басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-бабының 3-тармағында қарастырылған мүлік түрлерімен қатысушылардың үлестерін біріктіру жолымен қалыптастырылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі - ЖШС) қатысушылары серіктестік тіркелген кезге дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде 25 пайызын енгізуге міндетті, бұл ретте оның бастапқы көлемі ЖШС-ны мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттар ұсынылған күні жүз айлық көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген, серіктестік тіркелген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде ЖШС-ның барлық қатысушылары серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Серіктестіктің қатысушысы белгіленген мерзімде үлесін енгізу бойынша міндетін орындамаған жағдайда қатысушы енгізбеген үлестің бөлігін серіктестік өз капиталының есебінен енгізуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|