|
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 563 бұйрығына 2-қосымша
«Локомотив бригадаларының демалыс үйлеріне, бөлмелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
1. Осы «Локомотив бригадаларының демалыс үйлеріне, бөлмелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалану мен ұстауға енгізуге, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, тұрмыстық қызмет көрсету мен тамақтану жағдайларына, тұтыну қалдықтарын жинауға, адамға әсер ететін физикалық фактор көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, локомотив бригадаларының демалыс үйлерін, бөлмелерін сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер пайдаланылды: 1) локомотив бригадасы - локомотивтерге, сондай-ақ моторлы вагонды поездарға қызмет көрсету үшін тағайындалатын жұмыскерлер; 2) тіркеу депосы - локомотивтерді тіркеу паркі бар локомотив депосы.
2. Локомотив бригадаларының демалыс үйлерінің, бөлмелерінің жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Жапсарлас салынған және бөлек тұрған объектілерді салуға және реконстукциялауға арналған жобалау құжаттамасына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы беріледі. 4. Локомотив бригадаларының демалыс үйлерінің (бұдан әрі - демалыс үйі) құрылысына жаппай серуендеу, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарға, магистральді көшелерге тікелей жақын жерлерден жер учаскесін бөлуге жол берілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|