ҚР Әділет министрінің 2012.24.02. № 89 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына 2-қосымша
Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтінімдер құрастыру,
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Патент заңы» (бұдан әрі - Заң) Заңына сәйкес әзірленді және инновациялық патент және өнертабыс патентін беруге арналған өтінімді жасау, ресімдеу және қарау бойынша қызметті нақтылайды. 2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті; 2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық қарасты ұйым; 3) өтінім - өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтінім; 4) инновациялық патент беруге өтінімге сараптама - өнертабыстың «локальдық жаңалығы» және «өнеркәсіптік қолданылуы» патенттік қабілеттік шарттарына сәйкестігін тексеру; 5) өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптама - формалдық сараптама және өнертабыстың мәні бойынша сараптама; 6) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім; 7) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперация (Patent Cooperation Treaty, әрі қарай - РСТ) туралы шартына сәйкес берілген өтінім; 8) евразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім.
2. Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтінімдерд құрастыру, ресімдеу және беру
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|