|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы үш жүз сегізінші абзацпен толықтырылсын: «244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу»; 2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын: «19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын: алтын монеталар үшін: мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ; алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесіне 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес). Бұл ретте, алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады: 1800 жылға дейін соғылған; «пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған; шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды; оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады. Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағаның бағамдалуы) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады; қалған алтын үшін: мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында жасалған; мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);»; «41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»; 1-тармақтағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «10» деген цифрлар «15» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) 180-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «бағалы қағаздарды» деген сөздерден кейін «, инвестициялық алтынды» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 194-баптың 1) тармақшасындағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын; 6) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын: «244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу 1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдiк ставкамен салық салынады. Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін халықаралық әуежайларға қатысты қолданылады. 2. Осы баптың мақсаттары үшін: 1) кеден одағына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авикомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады; 2) әуе кемесiнің шет мемлекет шекарасын кесiп өтуі кезінде әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады; 3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзiлiстiң болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезiнде жөнелту және межелi пункттерi: екi немесе одан да көп мемлекеттiң аумағында; егер екiншi мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бiр мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау халықаралық әуемен тасымалдау деп танылады. Егер жөнелту және межелi пункттерi Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасы үшінші абзацының ережесі қолданылмайды. 3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады: 1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты; тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі). Бұл ретте, өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: өзі тіркелген мемлекетті көрсете отырып, авиакомпанияның атауы; әуе кемесіне май құю үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының болжамды мөлшері; әуе кемесінің болжамды қону күні. Форс-мажорлық жағдайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды. Осы тармақшаның мақсаттары үшін: Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады; тұрақты рейс айқындамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады; 2) мынадай мәліметтер көрсетілуге тиісті шетелдік әуе кемесіне май құюға қойылатын талап: авиакомпанияның атауы; құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері; әуе кемесіне май құйылған күн; әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолдары; 3) кеден одағына мүше мемлекеттерге жүзеге асырылатын халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құю кезінде - кеден органының белгісі бар тауарлар тізбесі қоса берілетін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар; 4) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат; 5) шетелдік әуе кемесіне май құю бойынша орындалған жұмыстардың актісі; 6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімімен уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерін растайтын қорытындысы.»; 7) 248-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған: қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын; қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай: өткізілген инвестициялық алтынның салмағын өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы) көбейту өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтынды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды: құймалар; пластиналар; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады;»; 8) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;»; 9) 255-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «тауарлар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын: «11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған: қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын; қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай: импортталған инвестициялық алтынның салмағын өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы) көбейту өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды: құймалар; пластиналар; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады. 12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.»; бірінші абзацтағы «былайша» деген сөз «мынадай ставкалар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада: 14-жолдың 4-бағанындағы «1000 теңге» деген сөздер «1960 теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-жолдың 4-бағанындағы «600» деген цифрлар «1200» деген цифрлармен ауыстырылсын; 16-жолдың 4-бағанындағы «1220» деген цифрлар «2400» деген цифрлармен ауыстырылсын; 17-жолдың 4-бағанындағы «95» деген цифрлар «190» деген цифрлармен ауыстырылсын; 18-жолдың 4-бағанындағы «1220» деген цифрлар «2450» деген цифрлармен ауыстырылсын; 11) 336-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын: «
»; 12) 339-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын: «
»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы. Бұл ретте, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»; 3-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы «егiстiкке» деген сөзден кейін «(шабындықтарға, жайылымдарға)» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 367-бап мынадай редакцияда жазылсын: «367-бап. Салық ставкалары 1. Салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай ставкалар бойынша жүргiзiледi:
Бұл ретте салықты есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiш қолданылады. 1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін: 1) жеңіл автомобильдерге: В санатындағы автомобильдер; жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (автомобиль-пикаптар); рұқсат етілген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В санатына қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретін автомобильдер, оның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады; 2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, жүк автомобильдеріне С санатындағы автомобильдер жатады; 3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, арнайы автомобильдерге белгілі бір технологиялық процестерді немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдықтары бар автомобильдер жатады; 4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, автобустарға D санатындағы автомобильдер жатады. 2. Жеңiл автомобильдердiң үш айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, алты айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрдi қоса алғандағы, тоғыз айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, он бес айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемiнің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады. 3. Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: 1) 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына: пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0; пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0; 2) 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына: пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5; пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3. 4. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетiлген шығарылған жылы негiзге алына отырып есептеледi. 5. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.»; 15) 368-баптың 3-тармағындағы «сатып алу-сату шартының» деген сөздер «сатып алу-сату, айырбастау шарттарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 370-баптағы «есептеу мен төлеуге» деген сөздер «есептеуге» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 442-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен табыстардан, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын;»; 1-тармағының 18) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 18) 456-баптың 5.3-жолының 3-бағанындағы «10» деген цифрлар «5» деген цифрмен ауыстырылсын; 7-жолда: 2-бағандағы «10» деген цифрлар «200» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4-бағандағы «55» деген цифрлар «1100» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1-жолмен толықтырылсын: «
»; 20) 617-баптың екінші бөлігіндегі «жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келiп түскен) мүлiкпен жұмыс жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздер «уәкілетті заңды тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 618-бап мынадай редакцияда жазылсын: «618-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізу тәртібі Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.». 2. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат): 12-баптың 4-тармағындағы «төлеуді» деген сөзден кейін «жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде,» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат): 3-тармағының 1) тармақшасы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 1-баптағы «2010 жылғы 1 шілдеден» деген сөздер «2011 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4, 5, 6, 7 және 16-баптар алып тасталсын; бірінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2014» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) 2011 жылғы 1 қаңтардан 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады:
3-2) 2012 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады:
3-3) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады:
»; 5-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «8 процентін;» деген сөздер «8 пайызын төлейді.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |