Қаржы нарықтарында Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттерде капиталдың
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 22 шілдедегі № 472-ІV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Келісімге қатысушылар Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, 1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты негізге ала отырып, капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржы нарықтарында жағдай жасау, қаржы секторында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында төмендегілері туралы келісті:
Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар: Қаржылық қызметтер - мыналарды: - банктік қызметтерді; - валюта нарығындағы қызметтерді; - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметтерін; - сақтандыру қызметтерін қамтитын қаржылық сипаттағы қызметтер. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары - өздері аумағында тіркелген Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлғалар. Кредиттік ұйым - банк қызметін реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган берген арнайы рұқсат (лицензия) негізінде өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табу үшін банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы - өзі аумағында тіркелген Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес сақтандыру/қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|