|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын қаражатының есебінен өтеу ережесінен бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 57, 495-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесінде: 5-тармақта екінші абзацтағы «жан басына шыққандағы норматив» деген сөздер «бастапқы медициналық-санитариялық көмек (жан басына шыққандағы норматив)» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «тариф - стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емделген бір жағдайға; жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы, санитариялық авиацияны бір шақыру үшін медициналық көмек көрсету құны;»; мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «бастапқы медциналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонент - бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескертін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік.»; бүкіл мәтін бойынша «қаржыландыру» деген сөздің алдынан «шығындарды өтеу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компоненттің шығындарын өтеу біліктілікті арттыруға және сараланған төлемдерді ескере отырып, еңбекті ынталандыруға арналған шығындарды қамтиды және осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |