|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1- 2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41- құжат; № 9, 44- құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67- құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 2) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «494-2 (екінші бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын; 3) 549-1-баптың бірінші бөлігіндегі «494-2 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын; 4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бесінші абзацындағы «494-2 (екiншi бөлiгi),» деген сөздер алып тасталсын. 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат): 1) 36-баптың 15) тармақшасы алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде арнайы су пайдалануға рұқсатты берудi, қолданысын тоқтата тұруды және оны қайтарып алуды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;»; 3) 40-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «осы Кодекспен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға және оны қайтарып алуға;»; 5) 64 және 66-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «64-бап. Су пайдалану құқығының түрлерi 1. Субъектілердің тобы бойынша: 1) ортақ су пайдалану құқығы; 2) арнайы су пайдалану құқығы; 3) оқшау су пайдалану құқығы; 4) бірлесіп су пайдалану құқығы болып бөлінеді. 2. Туындау негіздемелері бойынша: 1) бастапқы су пайдалану құқығы; 2) қосалқы су пайдалану құқығы болып бөлінеді. 3. Қолдану мерзімдері бойынша: 1) тұрақты су пайдалану құқығы; 2) уақытша су пайдалану құқығы болып бөлінеді. 4. Азамат үшiн ортақ су пайдалану құқығы ол туған кезден бастап туындайды және ешбір жағдайда да шеттетілуі мүмкін емес. 5. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап арнайы су пайдалану құқығы туындайды.»; «66-бап. Арнайы су пайдалану 1. Мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды: 1) суды жер үсті қабатынан және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен тарту жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды; 2) өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлы-сорғыту, жауын-шашынды және басқа да қалдық суларды жер үсті және теңіз суларына ағызуға арналған су бұру құрылыстарын; 3) қалдық суларды суармалы, буландыру, сүзгі алқаптарына және жергілікті жер бедеріне бұруға арналған құрылыстарды; 4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (соның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын); 5) гидравликалық электр станцияларын; 6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын; 7) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерін; 8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар, соның ішінде жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын; 9) қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар); 10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын; 11) су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды; 12) жер асты су тұтқыш қабаттарға және тау-кен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды; 13) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды; 14) судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттіктерін қанағаттандыру, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу үшін тікелей су объектісінен алып немесе алмай-ақ жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады. 2. Рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жеке және заңды тұлғалар арнайы су пайдалануды жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс. 3. Арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану жүзеге асырылады. 4. Мынадай су тарту құрылыстарын: тереңдігі жиырма метрге дейінгі шахталы және құбырлы сүзгілі құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш үстіңгі бірінші қабаттан тәулігіне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейі мәжбүрлі төмендетілмей жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдалану кезінде арнайы су пайдалануға рұқсат қажет етілмейді. 5. Уәкiлеттi орган шетелдiк заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бepeдi. Уәкiлеттi органның өңірлік органдары шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бередi. 6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі: 1) жер үсті су объектілеріне тазартылған өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу; 2) тәулігіне елуден екі мың метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану; 3) осы баптың 1-тармағында аталған құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану (бұдан әрі - жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану). 7. Арнайы су пайдалануға рұқсат: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарымен - барлық жағдайда; 2) тиiстi аумақтарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдармен - барлық жағдайда; 3) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның аумақтық органдарымен - шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жер асты суларын жер қойнауы бөлiгiнен пайдалануына; 4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдарымен - мал шаруашылығы мұқтаждары үшiн суды тарту және мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу, сондай-ақ мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi мал шаруашылығы үй-жайларынан және кәсiпорындарынан қалдық суларды ағызу кезiнде; 5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен - балық шаруашылықтық мәні бар тоғандардан үстіңгі қабат суларын тарту кезінде және оларға қалдық және сорғытылған суларды ағызу кезінде осы су пайдалану шарттары келiсiлгеннен кейiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi. 8. Жер үсті қабаты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға, тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыған және басқа да қалдық суларды жер үсті қабатындағы су объектiлерiне ағызуға: 1) теңгерімінде олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылары; 2) суды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары; 3) су беруге және (немесе) қалдық және сорғытылған суларды ағызуға қосалқы су пайдаланушылармен шарттары бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар беріледі. 9. Тәулiгiне елуден eкі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсаттар үшін жер қойнауы бөлігінен жер асты суларын пайдалануға: 1) теңгерімінде қолданыстағы санитариялық-эпидемиолоиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай келетін құрылыстары немесе техникалық құрылғылары болып, солардың көмегiмен жер асты су объектілерiнен суды тарту жүзеге асырылатын; 2) су тартуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары; 3) қосалқы су тұтынушыларға су беру шарты; 4) жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттiк сараптамалық қорытындысы және жер асты су объектiсi туралы геологиялық ақпараты бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар берiледi. Терiс мемлекеттiк геологиялық сараптама болған жағдайда, екі жылға дейiнгi мерзiмге геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу және бұл мерзім өткеннен кейiн жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның қорларға мемлекеттiк сараптама жүргізу шартымен рұқсат берiледi. 10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға немесе оның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды: 1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті; 2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн; 3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортын; 4) салық органында есепте қойылғаны туралы куәліктің немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін; 5) осы баптың 7-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді ұсынады. 11. Су тарту үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіктері туралы мәліметтер; 2) су тартуды есепке алу және тартылатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер. 12. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер; 2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер; 3) балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер; 4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер; 5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер. 13. Суды алмастан жер үсті қабатындағы су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады: 1) кеменің техникалық сипаттамалары; 2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты; 3) кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және жүзбелі құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер; 4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер. 14. Уәкілетті орган немесе оның тиiстi өңірлік органы - отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен өтiнiш берген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктірмей рұқсат бередi. 15. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі арнайы су пайдалану рұқсатының қайта ресімделуін қажет етеді. Су шаруашылығы жүйелерін қайта құру немесе су тұтыну шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға қайта рұқсат алуды қажет етеді. 16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті орган: 1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған; 2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайларда заңдарда белгіленген тәртіппен оның қолданысын тоқтата тұрады. Осы тармақта аталған жағдайларда уәкілетті орган рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою мерзімін жазбаша нысанда көрсете отырып, су пайдаланушыны он жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігін және анықталған бұзушылықты жою мерзіміне жүзеге асырылады. Хабарламада көрсетілген арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылған жағдайда рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша растамасының негізінде рұқсаттың қолданысы қайта басталады. Су пайдаланушының тоқтата тұру немесе қолдануды қайта бастау туралы хабарлама алған кезінен бастап рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрған немесе қайта басталған болып есептеледі.»; 6) 69-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бастапқы және қосалқы су пайдаланушы қайталама су пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.»; 2-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы баптың 2-тармағы 1)-3), 5), 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалануға рұқсатты қайтарып алу негіздері, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында айқындалады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері болып табылатын фактілер анықталған жағдайда, оларды жою туралы жазбаша нысанда нұсқама шығарады және оларды нұсқама шығарылған сәттен бастап екі айдан аспайтын жою мерзімін белгілейді. Су пайдаланушы тек нұсқама талаптарын жоюдан бас тартқан немесе белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, арнайы су пайдалану құқығына рұқсатты қайтарып алуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсатты қайтарып алуға жол беріледі.»; 8) 82-баптың 1-тармағындағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, ал жер асты сулары бойынша - жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 9) мазмұнындағы 64-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «64-бап. Суды пайдалану құқығының түрлері». 3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат): 1) 75-баптың 3-тармағындағы «қажетті өтінім мен» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтағы «тоқтата тұруы мүмкiн» деген сөздер «тоқтатылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 4) тармақшасындағы «рұқсатты жоюы мүмкiн» деген сөздер «оны жою жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қолданады» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 116-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.»; 4) 117-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына елеулi нұқсан келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiм-шартты) бұзу және (немесе) табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру және жою жөнінде ұсыныстар енгізуге;»; 5) 166-баптың 1-тармағындағы «алынуы мүмкiн» деген сөздер «алынады» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 286-баптың 2-тармағы «техногендiк минералды түзiлiмдерге» деген сөздердің алдынан «, олар бойынша пайдалы қазбалар өндіруге келісімшарттар жасалған» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 293-баптың 2-тармағындағы «шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін» деген сөздер «шектеледі немесе оған тыйым салынады» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат): 1) 21-баптың бесінші абзацындағы «облыстық және соларға теңестірілген соттардың» деген сөздерден кейін «, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 26-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «еңбекпен түзеу мекемелерiнде» деген сөздер «түзеу мекемелерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат): 1) 8-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 2) 9-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздер «осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат): 4-баптың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттiк қызметтiң басқа түрлерiнен» деген сөздер алып тасталсын. 7. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат, № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат): 8-баптың 9) тармақшасындағы «қылмыстық процесте пайдалану үшін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |