Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 2 мамырдағы № 434-IV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 акпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: «газ» - негізінен, метаннан тұратын, газ тасымалдау жүйелері бойынша сығылған газ тәріздес жағдайда тасымалданатын, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердің аумағында өндірілетін және/немесе шығарылған газ тәріздес көмірсутектердің және басқа газдардың жанғыш қоспасы; «газ тасымалдау жүйелері» - магистральдық газ кұбырларын қамтитын және газ тасымалдауға арналған құрылыстар мен газ тарату тораптарынан басқа, олармен бірыңғай технологиялық процесс арқылы байланысатын объектілер; «газ тасымалдау жөніндегі қызметтер» - газ тасымалдау жүйелері бойынша газды өткізу жөніндегі қызметтер; «Құзыретті органдар» - осы Келісімді іске асыруды бақылау үшін Тараптар уәкілеттік берген органдар; «ішкі қажеттіліктер» - Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының аумағында тұтынуға қажетті газ көлемі; «газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу» - газ тасымалдау үшін Тараптар мемлекеттерінің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын газ тасымалдау жүйелерін пайдалану құқығын беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|