Қазақстан Республикасы Президентінің (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда күші жойылды
Қаулы етемін: 1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., №11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтағы «2015» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыстырылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар Индустриялық парк кіреді.»; 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.1. АЭА аумағындағы негізгі өндірістік қызмет түрлері: 1) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру; 2) машиналар мен жабдықтар жасау; 3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару; 4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару; 5) химия өнеркәсібі; 6) металлургия өнеркәсібі; 7) электр жабдығын, оның ішінде электрмен жарықтандыру жабдығын шығару; 8) жарықтандыру аспаптарына арналған шыны құрамдастарын шығару; 9) тамақ өнімдерін өндіру; 10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон шығару; 11) жиһаз шығару; 12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару; 13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам шығару; 14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын шығару; 15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар шығару болып табылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|