Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 және 2000 жылғы 7 қаңтардағы
Осы редакция 2011 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөніндегі нұсқаулықта 2-тармақтың екiншi абзацындағы «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздер «Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың төртiншi абзацындағы, 3-тармақтың екiншi абзацындағы «Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне» деген сөздер, 4-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер тиiсiнше «Көлiк және коммуникациялар министрлігіне», «Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 10-құжат): Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк және Қажымұрат Ыбырайұлы коммуникациялар министрi, төраға Циблиев - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей мемлекеттік Василий Васильевич ғарышкерлер даярлау ғылыми-зерттеу орталығы бастығының орынбасары (келісім бойынша); мынадай: «Қосынов - Қазақстан Республикасының Энергетика Алмас Олжабайұлы және минералдық ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Наталья Артемовна министрi» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және Алмас Олжабайұлы коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы; Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау бiрiншi вице- министрi»; көрсетiлген Комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: Школьник Владимир Сергеевич, Смирнов Анатолий Владимирович, Глазков Юрий Николаевич. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|