Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 22 шілдедегі № 476-ІV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі өнеркәсіптік өндірісті дамытуға жағдай жасаудың маңыздылығын сезіне отырып, экономиканы дамыту, өндірісті кеңейту, басқарудың және ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігін арттыруды ынталандыру, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің шеңберінде тауар нарықтарындағы ресурстарды оңтайлы бөлуді қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар мемлекеттері экономикаларының тұрақты және тиімді дамуы үшін, сондай-ақ Тараптар арасында өзара сауда мен адал бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін жағдайлар жасауға ниеттене отырып, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормалары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің нысанасы мен қолданылу аясы
1. Осы Келісімнің нысанасы осы Келісімге қатысушы елдердің аумағында өнеркәсіптік тауарларға қатысты өнеркәсіптік субсидияларды ұсынудың бірыңғай қағидаларын белгілеу болып табылады. 2. Осы Келісімнің нормалары субсидиялардың ұсынылуын, оның ішінде тауарларды шығаруға, өткізуге және тұтынуға тікелей байланысты қызметтерді көрсету немесе қызметтерді алу кезінде субсидиялар беруді реттейді. 3. Осы Келісімдегі ешнәрсе төмендегідей түсіндірілмеуі тиіс: қандай да бір Тарапқа ашылуы оның қауіпсіздігінің елеулі мүдделеріне қайшы келеді деп санайтын қандай да ақпаратты ұсыну талабы немесе - кез келген тарапқа өзінің қауіпсіздігінің елеулі мүдделерін қорғау үшін де қажетті іс-қимылдарды қабылдауда кедергі келтіру: а) ыдыратылатын материалдарға немесе олар өндірілетін материалдарға қатысты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|