Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 249 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесінде: бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» деген сөздер «беру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті); 2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;»; мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|