Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: тақырыбы «өтемақы төлеудің» деген сөздерден кейін «және оларға куәлік берудің» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ «өтемақы төлеу» деген сөздерден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақша «есепке алу» деген сөздерден кейін «және оларға жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) қажеттілікті ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушілердің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді дайындауға жыл сайын қаражат көздесін;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде: тақырыбы «өтемақы төлеу» деген сөздерден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын; кіріспе «төлеудің» деген сөзден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік (бұдан әрі - куәлік) берудің» деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|