«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 135-1-бабының негізінде «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН: 1. Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6709 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (26403) және «Казахстанская правда» газеттерінде 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 2 (26423) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) аталған бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережелерінің (100.00 нысан): 1-тармағында: үшінші абзац алып тасталсын; төртінші абзац «Салық кодексінің 134-бабының» деген сөздерден кейін «1-тармағының» деген сөздермен толықтырылсын; мына редакциядағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабының 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін білім берудің автономдық ұйымдарын; Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін білім берудің автономдық ұйымдарын;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|