Осы редакция 2011 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға (200.00-нысан) қосымша
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - зейнетақымен қамсыздандыру Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген. Ереже жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша тәртібін (декларацияны) айқындайды (бұдан әрі - Декларация), жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндетті зейнетақы жарналарын сомаларын аударуға (бұдан әрі - мiндетті зейнетақы жарналары) есептеу, ұстау (қоса есептеу) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - әлеуметтiк аударым) әлеуметтiк аударымның сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) арналған. Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, шағын және кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, Салық кодексінің 18, 19 тарауларына, 6 бөлім, 12 бөлімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегi жеке тұлғаларға қатысты Декларация салық агентімен жасалады. Осы Ережелердiң мақсаттары үшiн Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғалардың шешімімен мойындалған құрылымдық бөлімдер әлеуметтік салықты өздері төлеушілер жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып мойындалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (200.00-нысан) және салық міндеттемелері туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (200.01 - 200.03 нысандар) тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|