Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2010.19.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы ережеде: 3-тармақтың бірінші абзацында «лицензиялық және» деген сөздер алынып тасталсын; бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерінен; бортында тек қана король тектілер, мемлекет басшылары және үкімет басшылары бар ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелерінен.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Шетелдік азаматтық әуе кемелері үшін чартерлік (бір жолғы) халықаралық ұшуларды орындауға рұқсатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесіне және рұқсат беруден бас тарту үшін негіздерге сәйкес береді. Азаматтық әуе кемелеріне жатпайтын әуе кемелерінің бір жолғы ұшуларын орындауға рұқсатты сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келісе отырып береді.»; 2) ҚР Үкіметінің 2010.19.11. № 1221 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 290-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесінде: 1-тармақта: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|