«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары: 1) Қазақстан Республикасының аумағында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жаңа инфрақұрылымын құру және қызметін қамтамасыз ету; 2) кадрлар даярлау сапасын жақсарту үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне корпоративтік басқару тетіктерін енгізу; 3) техникалық және кәсіптік білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге бөлінсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қоғам жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|