|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-8, 2-9 және 2-10-тармақтармен толықтырылсын: «2-8. Халыққа қызмет көрсету орталығы - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын. 2-9. «Жалғыз терезе» қағидаты - өтініш берушілердің (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субьектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны. 2-10. Әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсету - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет көрсету. Әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсету тізбесі мен өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 2) 9-1-баптың 4-тармағының бірінші және екінші бөліктері «әзірлейді және» деген сөздерден кейін «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 15-1-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтер көрсетуді іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 5-тармақ «Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін» деген сөздерден кейін «, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсету тізбесін көрсете отырып,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат): 27-баптың 1-тармағының 11-1) тармақшасы алып тасталсын. 3. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат): 23-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы алып тасталсын. 4. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат): 18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын. 5. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) автоматтандыру - адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;»; 2) 5-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу тәртібін бекіту;»; 3) 6-бапта: 9) тармақша «аудит жүргізу тәртібін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздермен толықтырылсын; 14) тармақша «реттеу мәселелері жөніндегі» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын; 20) тармақша «жұмыс істеуін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын: «30-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру; 30-2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру; 30-3) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»; 4) 29-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: «Қызмет көрсету үдерісінде қағаздағы құжат айналымын болғызбайтын электрондық мемлекеттік қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Қызмет көрсету үдерісінде қағаздағы және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мәліметтер алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету барысында алынған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.». 6. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат): 1) 1-бапта: 12) тармақшадағы «орналасқан жерін» деген сөздер «мекенжайын, мекенжайдың тіркеу кодын (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын: «21-1) мекенжайдың тіркеу коды - жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;»; 2) 18-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «орналасқан жері» деген сөздер «мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Құқық белгілейтін құжаттар тіркеу парағына енгізілетін құқық иелері туралы, тіркелетін құқық (құқық ауыртпалығының) түрі туралы мәліметтерді, мекенжайды, мекенжайдың тіркеу кодын (ол бар болған кезде), сондай-ақ құқықтық кадастрды жүргізу мақсаты үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісі туралы деректерді қамтуға тиіс.»; 4) 26-баптың 2-тармағындағы «мүліктің орналасқан жері» деген сөздер «мүлік объектісінің мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат): 134-баптың 2-тармағының 21) тармақшасындағы «зардаптарын жою саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «зардаптарын жою;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын: «22) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету және оларды автоматтандыру саласында жүзеге асырады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 21-і № 468-ІV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |