|
|
|
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҰИҚ» АҚ) мыналарға: 1) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Агенттік) «Қазсат» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазсат» АҚ) акциялары пакетінің 100%-ын қоспағанда, «ҰИҚ» АҚ-ның мүлкін жарғылық капиталына салым ретінде бере отырып; 2) «Қазсат» басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Басқарушы компания) «Қазсат» акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 100 %-ы түріндегі мүлікті жарғылық капиталына салым ретінде бере отырып, бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қызметтің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын: 1) Агенттіктікі - инновациялық даму және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 2) Басқарушы компаниянікі - «Қазсат» АҚ акцияларының пакетіне қатысты меншік иесі құқығын жүзеге асыру. 3. Агенттіктің функциялары болып мыналар айқындалсын: 1) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің, технологиялық салалық кеңестердің жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, инновациялық жүйені дамыту, инновациялық даму үдерістерін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу; 2) технологиялық болжау және жоспарлау, Салалық кеңестерге қарауға берілетін технологиялық бағдарламалардың тақырыптарын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жобаларды орындауға конкурстар өткізу, қаржыландыруды ұйымдастыру-операциялық сүйемелдеу және өткізілетін жобалар нәтижелерінің мониторингін жүргізу, инновациялық жобалар бойынша ақпараттық деректер банкін құру және коммерцияландыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру, инновациялық инфрақұрылымды басқару, олардың ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мәніне халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |