Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы (2010.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009.07.11. № 1782 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.05. № 447 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|