ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығымен күші жойылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.12.12. № 468-ө-м бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 4-қосымша
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» (бұдан әрі - Заң) 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414 Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға берілетін ақшалай төлем; 2) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары; 3) мемлекеттік арнайы жәрдемақыны алушы (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға; 4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлға; 5) уәкілетті ұйымның филиалы - уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|