2010 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасында қоршаған орта министрлерінің Еуропа және Азия конференцияларын өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы (2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің «Қоршаған орта Еуропа үшін» атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында: ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің «Қоршаған орта Еуропа үшін» атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін. 3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.
|