|
|
|
Қазақстан Республикасының
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № СК-15-22/12878 Хатын қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар): 1) бүкіл мәтін бойынша бөлімдердің нөмірленуі араб цифрларымен белгіленсін; 2) мынадай мазмұндағы мазмұнмен толықтырылсын: «Мазмұны Жалпы бөлім 1-бөлiм. Қылмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы 2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi 3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi 4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы 5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi 6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы 7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы 8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
2-бөлiм. Қылмыс 9-бап. Қылмыс ұғымы 10-бап. Қылмыс санаттары 10-1-бап. Әкімшілік преюдиция 11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы 12-бап. Қылмыстардың жиынтығы 13-бап. Қылмыстың қайталануы 14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар 15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы 16-бап. Есi дұрыс еместiк 17-бап. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы 18-бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы 19-бап. Кiнә 20-бап. Қасақана жасалған қылмыс 21-бап. Абайсызда жасалған қылмыс 22-бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық 23-бап. Жазықсыз зиян келтiру 24-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу 25-бап. Аяқталған қылмыс 26-бап. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту 27-бап. Қылмысқа қатысу ұғымы 28-бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi 29-бап. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы 30-бап. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы 31-бап. Қылмысқа қатысу нысандары 32-бап. Қажеттi қорғану 33-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру 34-бап. Аса қажеттiлiк 34-1-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру 35-бап. Орынды тәуекел 36-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу 37-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
3-бөлiм. Жаза 38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары 39-бап. Жазаның түрлерi 40-бап. Айыппұл 41-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру 42-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту 43-бап. Түзеу жұмыстары 44-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу 45-бап. Бас бостандығын шектеу 46-бап. Абақтыда ұстау 47-бап. 2009 жылғы 10 шілдедегі № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 48-бап. Бас бостандығынан айыру 49-бап. Өлiм жазасы 50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру 51-бап. Мүлiктi тәркiлеу
4-бөлім. Жаза тағайындау 52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi 53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар 54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар 55-бап. Осы қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза тағайындау 56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау 57-бап. Қатысумен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау 58-бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау 59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау 60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау 61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде оларды белгiлеу тәртiбi 62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу 63-бап. Шартты түрде соттау 64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту
5-бөлім. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату 65-бап. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 66-бап. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату 67-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 68-бап. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 70-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату 71-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру 72-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру 73-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату 74-бап. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру 75-бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату 76-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату 77-бап. Соттылық
6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 78-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 79-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi 80-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау 81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату 82-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары 83-бап. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері 84-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату 85-бап. Ескiру мерзiмi 86-бап. Соттылықты жою мерзiмi 87-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiзден жиырма бірге дейінгі жастағы адамдарға қолдану
7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары 88-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi 89-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары 90-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi 91-бап. Амбулаторияда мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу 92-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу 93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату 94-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейiн жаза тағайындау 95-бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Ерекше бөлім
1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыс 96-бап. Кісі өлтiру 97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi 98-бап. Жан күйзелiсi жағдайында жасалған кісі өлтiру 99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру 100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру 101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру 102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу 103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру 104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру 105-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 106-бап. 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10 ҚР Заңымен алып тасталды 107-бап. Азаптау 108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру 109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру 110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру 111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру 112-бап. Қорқыту 113-бап. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу 114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы 114-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу 115-бап. Соз ауруын жұқтыру 116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыруы 117-бап. Заңсыз аборт жасау 118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу 119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру 120-бап. Зорлау 121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері 122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер 123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету 124-бап. Жас балаларды азғындату 125-бап. Адам ұрлау 126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру 127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру 128-бап. Адамды саудаға салу 129-бап. Жала жабу 130-бап. Қорлау
2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар 131-бап. Кәмелетке толмағанды қылмыстық iске тарту 132-бап. Кәмелетке толмағанды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту 132-1-бап. Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту 133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу 134-бап. Баланы ауыстыру 135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету 136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару 137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау 138-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау 139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану 140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару
3-тарау. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар 141-бап. Азаматтардың тең құқығын бұзу 141-1-бап. Қинау 142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу 143-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу 144-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету 145-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу 146-бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау 147-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу 148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу 149-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 150-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 150-1-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау 151-бап. Жиналыс, митинг, демонстрация, шерулер өткiзуге, тосқауылдарға тұруға немесе оларға қатысуға кедергi жасау 152-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу 153-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу 154-бап. 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10 ҚР Заңымен алып тасталды 155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау
4-тарау. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар 156-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргiзу 157-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру 158-бап. Жаппай қырып-жою қаруын жасау немесе тарату 159-бап. Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану 160-бап. Геноцид 161-бап. Экоцид 162-бап. Жалдамалылық 163-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау 164-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру
5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар 165-бап. Мемлекеттік опасыздық 166-бап. Шпионаж 166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық 167-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық 168-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы 169-бап. Қарулы бүлiк 170-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру 171-бап. Диверсия 172-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату 173-бап. Мемлекеттік құпиялар бар құжаттарды, заттарды жоғалту 174-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару
6-тарау. Меншiкке қарсы қылмыстар 175-бап. Ұрлық 176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе ысырап ету 177-бап. Алаяқтық 178-бап. Тонау 179-бап. Қарақшылық 180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау 181-бап. Қорқытып алушылық 182-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру 183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату 183-1-бап. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу 184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу 184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу 185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену 186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу 187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру 188-бап. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 189-бап. Алып тасталды 190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк 191-бап. Заңсыз банктiк қызмет 192-бап Жалған кәсіпкерлік 192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы 193-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру 194-бап. Кредиттi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану 195-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
196-бап. Монополистік қызмет 197-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 198-бап. Көрiнеу жалған жарнама беру 199-бап. Тауар белгiсін заңсыз пайдалану 200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету 201-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу 202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi 203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу 204-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi 205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу 206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату 207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату 208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану 209-бап. Экономикалық контрабанда 210-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңымен алып тасталды 211-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңымен алып тасталды 212-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңымен алып тасталды 213-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау 214-бап. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару 215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер 216-бап. Әдейi банкроттық 216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу 217-бап. Жалған банкроттық 218-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу 219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру 220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану 221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы 222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару 222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері 223-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 224-бап. Заңсыз сыйақы алу 225-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету 226-1-бап. Рейдерлік 227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа құқыққа қайшы кiру, ЭЕМ-ге зиян келтіретін бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату 227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату
8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар 228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану 229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы 230-бап. Жеке күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалану 231-бап. Коммерциялық параға сатып алу 232-бап. Мiндеттерге салғырт қарау
9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар 233-бап. Терроризм 233-1-бап. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру 233-2-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу 233-3-бап. Экстремизмдi немесе террористiк қызметті қаржыландыру 234-бап. Адамды кепiлге алу 235-бап. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу 236-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру 237-бап. Бандитизм 238-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау 239-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол құрамын айдап әкету, сол сияқты қолға түсiру 240-бап. Теңiз қарақшылығы 241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер 242-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау 243-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ пен әскери техника жасау кезiнде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және қызметтердiң заңсыз экспорты 244-бап. Атом энергетикасы объектiлерiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу 245-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу 245-1-бап. Сапасыз құрылыс 246-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу 247-бап. Радиоактивтi материалдармен заңсыз жұмыс iстеу 248-бап. Радиоактивтi материалдарды ұрлау не қорқытып алу 249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу 250-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы 251-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе бірге алып жүру 252-бап. Қаруды заңсыз жасау 253-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау 254-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жарғыш құрылғыларды күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше атқармау 255-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу 256-бап. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу 257-бап. Бұзақылық 258-бап. Тағылық
10-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар 259-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не сату 260-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу 261-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру 262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар, егуге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру 263-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы 264-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру 265-бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау қағидаларын бұзу 266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау 267-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды бұзу 268-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру 269-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету 269-1-бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру 270-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту 271-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық 272-бап. Дәрiлiк немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау 273-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату 273-1-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту 274-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату 275-бап. Өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау 275-1-бап. Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу 276-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау
11-тарау. Экологиялық қылмыстар 277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу 278-бап. Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптарды бұзу 279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларының бұзылуы 280-бап. Ветеринариялық қағидаларды және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидалардың бұзылуы 281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу 282-бап. Атмосфераны ластау 283-бап. Теңiз аясын ластау 284-бап. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу 285-бап. Жердi бүлдiру 286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу 287-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу 288-бап. Заңсыз аңшылық 289-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу 290-бап. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер 291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу 292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау 293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу 294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнiнде шара қолданбау
12-тарау. Көлiктегi қылмыстар 295-бап. Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң қағидаларын бұзу 296-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы 297-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу 298-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйiндегi адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберу
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |