Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2011 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығында: Жарлық мәтiнiндегі 3-тармақта «300» деген цифрлар «360» деген цифрлармен алмастырылсын; аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегі агенттігi туралы ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: «Агенттiктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» мемлекеттік мекемесi.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 480091, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67.»; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Агенттік өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдары негізiнде және оларды орындау үшiн барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметтерiн тұтынушылардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшiн мiндетті нормативтік құқықтық актiлердi шығарады. Агенттіктің нормативтік құқықтық актілері оның «Қаржы хабаршысы», «Финансовый вестник» ресми басылымында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жарияланады.»; 1) тармақшадағы «мен ломбардтар» деген сөздер алып тасталсын; 3) тармақшадағы «және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) салымдарға (депозиттерге) мiндетті ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртібiн белгiлейдi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|