Еуразиялық экономикалық комиссия туралы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 536-IV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 2 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартты және Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы 2007 жылғы 6 қазандағы шартты негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызметі және дамуын тиімді қамтамасыз етуде өзара мүдделілікті негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай тұрақты әрекет ететін реттеуші органы ретінде құрады. Комиссияның негізгі міндеті Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Комиссия өз қызметін: Тараптардың өзара пайдасы, тең құқылығы және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету; қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі; ашықтық, жариялылық және объективтілік қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
Комисссия өз қызметін осы Шартта, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарда, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдерінде көзделген өкілеттіктер шегінде: кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу; кедендік әкімшілендіру; техникалық реттеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|