«Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 9 қарашада № 461-468 (26311) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер: 1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті; 2) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға; 3) шетелдік тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпания; 4) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шетелдік авиакомпаниялардың құқықтылықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми тануы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|