ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1310 қаулысымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
1. Осы корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Енгізу туралы Заңы) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа немесе өнімді бөлу туралы келісімшартқа (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. Декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар, Салық кодексінің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген, осындай келісімшарт жасалған кездегі қолданыста болған салық заңнамасының нормаларының және келісімшартта айқындалған салық режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, толтыруды жүзеге асырады. Осы Қағидаларда төменде көрсетілген Салық кодексінің нормаларына жасалынған сілтемелер: - келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Салық кодексіне не қолданылатын салық заңнамасының немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес; - келісімшарттан тыс қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексіне сәйкес келтірілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|