ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1310 қаулысымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдар; Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабының 1-тармағының шарттарына сай келетін дербес білім беру ұйымдары жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (130-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (130.01-ден 130.03-ке дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|