ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 520 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеуден шығарылған азаматтарын есепке алу
1. Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеуден шығарылған азаматтарын есепке алудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе оның аумағынан тысқары жерлерден тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу, сондай-ақ шетелге тұрақты тұруға шығушы адамдарды тіркеуден шығарудың тәртібін айқындайды. 2. Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып табылады. 3. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдар болып табылады. 4. Тіркеуге (тіркеуден шығаруға) материалдарды қабылдауды және тіркеу (тіркеуден шығару) бойынша ресімделген құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтарына беруді ішкі істер органдары олардың өтініш берген күні жүзеге асырады. 5. Азаматтарды тіркеу олардың тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын немесе оны пайдалануға алғанын куәландыратын құжаттарды негізінде, оның ішінде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау туралы келісім-шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша оларға тұрғын үйге тұруға құқық беруші (бұдан әрі - тұрғын үйге құжаттар) шарттар бойынша, сондай-ақ тұрғын үй иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте тұрғын үй иесінің (жалға алушының) отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдарды мекенжай бойынша тіркеу тұрғын үйді иемденуге негіз болып табылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|