|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 194-баптың екінші бөлігіндегі «Мемлекеттік мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей арналған мақсатында» деген сөздер «Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 166-баптың тақырыбы «салықтық емес төлемдердi» деген сөзден кейін «және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 168-4 және 168-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу 168-5-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі»; 176-баптың тақырыбындағы «кредит алу не оны» деген сөздер «кредит, қарыз алу не оларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 35-баптың екінші бөлігінде: «санитариялық заңнаманы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын; «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, бюджет және салық заңнамасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 166-баптың тақырыбы мен мәтіні «салықтық емес төлемдерді» деген сөздерден кейін «және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді» деген сөздермен толықтырылсын; 4) мынадай мазмұндағы 168-4 және 168-5-баптармен толықтырылсын: «168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберуі - бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 168-5-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі 1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі - бірінші басшыларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі - бірінші басшыларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) 176-бапта: тақырыбындағы «кредит алу не оны» деген сөздер «кредит, қарыз алу не оларды» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «Мемлекеттік нысаналы кредитті не мемлекет кепілдігімен берілген кредитті тікелей арналған мақсатқа» деген сөздер «Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қаражатын қарыз талаптарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану - мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 6) 179-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы «оларға» деген сөзден кейін «және қаржылық есептілік депозитарийіне» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 541-баптың бірінші бөлігінде: «168-3,» деген цифрлардан кейін «168-4, 168-5,» деген цифрлармен толықтырылсын; «176 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «176 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: жиырма тоғызыншы абзац «168-3,» деген цифрлардан кейін «168-4, 168-5,» деген цифрлармен толықтырылсын, «175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса)» деген сөздерден кейін «, 176 (үшінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын; елу екінші абзацтағы «(177-3» деген цифрлар «(168-4, 168-5, 176 (үшінші бөлігі), 177-3» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11,102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 39-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар»; 68-баптың тақырыбы «толықтырулар жобаларын» деген сөздерден кейін «, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 100-1 және 138-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері жүргізілуін және ақша аударымдарын тоқтата тұру»; «138-1-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы»; 156-1-баптың тақырыбы алып тасталсын; 2) 3-баптың 1-тармағында: 11) тармақша «қарыздарды» деген сөзден кейін «жоспарлауға және» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы (бұдан әрі - Бұзушылықтар сыныптауышы) - құқықтың бұзылған нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті жауаптылық түрлері көрсетіле отырып, бұзушылықтар түрлерінің тізбесін және оларды жою тәсілдерін қамтитын құжат;»; 16) тармақшадағы «дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу,» деген сөздер алып тасталсын; 3) 4-бапта: 9) тармақша «, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерімен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»; 4) 19-баптың 7-тармағы алып тасталсын; 5) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және олар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бекітеді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламаларын тиісті тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді.»; 6) 33-баптың 1-тармағының жетінші абзацындағы «мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.» деген сөздер «мемлекет міндеттемелерін орындауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «нысаналы салым салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.»; 7) 36-баптың 4) тармақшасындағы «тапшылығын жабуға бағытталады.» деген сөздер «тапшылығын жабуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталады.» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын: «39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар 1. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады. 2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады. 3. Нысаналы салым салу бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады. 4. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалады. Дербес білім беру ұйымдары бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады. 5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады. 6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»; 9) 44-баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі, 6-тармағындағы және 7-тармағының бірінші бөлігіндегі «нысаналы трансферттердің», «нысаналы трансферттерді» деген сөздер тиісінше «нысаналы даму трансферттерінің», «нысаналы даму трансферттерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 46-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»; 6-тармақтағы «тікелей және түпкілікті нәтижелерге» деген сөздер «жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей нәтижелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы «бөлу» деген сөз «қарау және іріктеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 47-баптың 1-тармағы «іске асыруға» деген сөздерден кейін «, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге» деген сөздермен толықтырылсын; 12) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын: «48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық 1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде: 1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы; 2) нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы; 3) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес нысаналы трансферттерді пайдаланбағаны, нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есеп табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы; 4) нәтижелерге қол жеткізбеуге әкеп соққан, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 2. Нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жалғыз ұйымдастырушы болып табылатын, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»; 13) 61-бапта: 1-1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы «басым» деген сөзден кейін «республикалық» деген сөзбен толықтырылсын; 7-тармақта: бірінші бөліктегі «айқындайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады» деген сөздер «және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтарын айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтарының негізінде және 66-баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамында басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастырады.»; 14) 62-бапта: 4-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.»; 5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 6-тармақтың екінші абзацындағы «, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді. Меморандум мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы ағымдағы жылы бюджет қаражаты шегінде қамтамасыз етуге міндеттенетін, стратегиялық жоспарда көзделгеннен төмен емес мәндегі негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштерін қамтиды. Негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштері мақсаттарға, стратегиялық міндеттер мен бағыттарға қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді білдіреді, олардың сапалық жағы стратегиялық міндеттер мен бағыттарды іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін көрсетеді, ал сандық жағы оның өлшенетін абсолюттік немесе салыстырмалы шамаларын көрсетеді. Меморандумға мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді. Меморандумдарды әзірлеу, бағалау тәртібін және мазмұнын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»; 15) 66-бапта: 1-тармақта: екінші абзац «, сондай-ақ басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші абзацтағы «немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға» деген сөздер алып тасталсын; үшінші абзацтағы «толықтырулардың жобаларын ұсынады.» деген сөздер «толықтырулардың жобаларын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде - бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды табыс етеді.»; 2-тармақ «өтінімдерді» деген сөзден кейін «және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 67-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы «не стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар» деген сөздермен толықтырылсын; 17) 68-бапта: тақырыбы «толықтырулар жобаларын» деген сөздерден кейін «, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың үшінші абзацындағы «тұрғысынан қарайды.» деген сөздер «тұрғысынан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |