Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»
Осы редакция 2012 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер
1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786, электрондық мекенжайы fsb_grpest@minagri.kz. орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі — Комитет) ұсынады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 14-6-бабы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы және «Қазақстан Республикасында пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуін жүргізудің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 432 бұйрығы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты Комитеттің стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі — Министрлік) www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналасқан. 5. Тіркеу куәлігін (бұдан әрі - куәлік) қағаз тасығышта немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады: 1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап - үш жылдан көп емес; пестицидті (улы химихатты) тіркеулік сынау жүргізу - екі жылдан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|