|
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызмет «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңның 2 және 4-баптарына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9 және 49-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Халықты құжаттандыру қағидаларына сәйкес көрсетіледі.»: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері: 1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап - күнтізбелік 60 күн; 2) Қазақстан Республикасына көшіп-қону квотасына сәйкес келген шетелдіктер қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап - күнтізбелік 10 күн; 3) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|