Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу және қайта құрылу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің мынадай негізгі бағыттары белгіленсін: 1) медицина саласындағы қазіргі заманғы технологиялар негізінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қашықтан және күндізгі оқыту курстарын ұйымдастыру; 2) халықты және емдеу ұйымдарын дәрілік әрі фармацевтикалық қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы (бұдан әрі - Медициналық орталығы) ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ғана медициналық ақпараттық жүйелер мен технологияларды сүйемелдеу және әкімшілендіру, бизнес-үдерістерін автоматтандыру; 4) Медициналық орталығы ұйымдарының қызмет көрсетуі және медициналық жабдықтарды пайдалану тиімділігінің мониторингі; 5) Медициналық орталығы ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ғана баспа қызметін жүзеге асыру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|