|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы (Ереван қ., 2012 жылғы 5 маусымда)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 153 Қаулысымен бекітілді
2016 жылғы 28 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі, Тараптар мемлекеттерінің халықтары арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды басшылыққа ала отырып, әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудағы Тараптар мемлекеттерінің мүдделілігін ескере отырып және ол үшін қолайлы жағдай қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастықты халықаралық құқық қағидаттары негізінде қолдау бойынша бірлескен күш-жігерді жүзеге асырудың маңыздылығын мойындай отырып, Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс қабілетін нығайту қажеттілігіне сүйене отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес әскери-техникалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты тең құқықтық және өзара қағидаттары негізінде жүзеге асыру болып табылады.
Тараптар осы Келісім шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастықты мынадай бағыттарда жүзеге асырады: 1) қару-жарақты, әскери техниканы, құжаттаманы, жұмыстарды, қызмет көрсетуді, зияткерлік қызмет нәтижелерін, оның ішінде оларға ерекше құқықтарды (зияткерлік меншік) және әскери-техникалық саладағы ақпаратты, сондай-ақ ұлттық заңнамамен әскери мақсаттағы өнімге жатқызылатын кез келген басқа да өнімді қамтитын әскери мақсаттағы өнімді өзара жеткізу; 2) қару-жараққа және әскери техникаға қызмет көрсету мен оны жөндеу бойынша жұмыстарды орындау; 3) қару-жарақ пен әскери техниканы қайта жаңарту, жаңғырту және қайта жарақтандыру жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|