Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 13-VI Заңымен ратификацияланды 2017 жылғы 9 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі, екі мемлекет халқы арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып, екі ел арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты дамыту олардың халқының әл-ауқаты мен ұлттық қауіпсіздігіне жәрдемдесетінін мойындай отырып, Тараптардың мемлекеттері үшін төтенше жағдайлардың қауіп төндіретінін сезіне отырып, Тараптардың мемлекеттері үшін азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ғылыми-техникалық ақпарат алмасудың пайдасын ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің нысанасы
Осы Келісім Тараптардың азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік қатерлердің алдын алу, төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялар, зілзалалар мен апаттар жағдайында ерікті түрде және өзара көмек көрсету жөніндегі азаматтық қорғаныс мамандарын оқыту саласындағы өзара іс-қимылын айқындайды.
2-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдердің мынадай мағыналары бар: сұрау салушы тарап - екінші Тарапқа көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақ пен құтқару құрал-жабдығын жіберу туралы сұрау салумен жүгінетін Тарап; ұсынушы тарап - екінші Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақ пен құтқару құрал-жабдығын жіберу туралы сұрау салуын қанағаттандыратын Тарап; құзыретті орган - осы Келісімді іске асыру үшін Тараптардың әрқайсысы тағайындайтын орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|