Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары; 2) фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары; 3) ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбектік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысымен бекітілген
Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мыналардың болуын қамтиды: 1) меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шарты немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары; 2) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар; 3) осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты; 4) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім; 5) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері; 6) жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; 7) маманның тиісті сертификаты.
лицензиялау кезінде қойылатын қосымша
Медицина қызметкерлері туралы мәліметтер ____________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (2009 жылғы «___» __________ жағдай бойынша)
Басшы __________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О. Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) _______________ (қолы, Т.Ә.А.)
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысымен бекітілген
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мыналардың болуын қамтиды: 1. меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шарты немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары; 2. санитариялық-гигиеналық киім, өртке қарсы мүкәммал және персоналды қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігіне оқыту жөніндегі нұсқаулықтар; ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) 3-1. шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтар бар автомобиль көлігі; 4. мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріханаларында дайындалған дәрілік препараттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жай; 5. дәріхананың көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзаларды өткізуді жүзеге асыруы үшін сауда залында көзге салынатын және көруді түзейтін линзаларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуге арналған жеке сөре; 6. жеке және заңды тұлғаның штаттық кестесі; ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. тиісті білімі және (немесе) жұмыс өтілі бар фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар: 1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ұйымдар үшін: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында техникалық білімі; дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде техникалық білімі; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарудың технологиялық үдерісінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі; 2) дәрілік препараттарды дайындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындайтын дәріханалар) үшін: дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің басшыларында, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды жіберуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің басшыларында орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі; 3) дәріхананалар үшін: дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың басшысында орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандарда жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; 4) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін: дәріхана пунктінің меңгерушісінде, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі. Дәріханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар маман жоқ жағдайда дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады. 5) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені үшін: медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; медициналық техника өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі; 6) оптика дүкені меңгерушісінде және көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзаларды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі; 7) дәріхана қоймасы үшін: дәріхана қоймасының басшысында және дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерде жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі; дәріхана қоймасы бөлімдерінің басшыларында және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; 8) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы үшін: медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасының басшысында жоғары фармацевтикалық немесе медициналық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі; медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі; медициналық техниканы өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі; 9) дәріханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін: дәріхана пунктінің меңгерушісінде, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі. Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады. 8. Заңды тұлға құрмай фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларда жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндіру, қайта өңдеу және көтерме сату жөніндегі қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 маусымдағы № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 185-құжат). 2. «Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 500-құжат). 3. «Фармацевтикалық қызметті: дәрілік заттарды өндіруді, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 620-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 284-құжат). |