Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 және 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің»Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 285-құжат): 2-тармақтағы «студенттерге берілген кредиттер» деген сөздер «білім беру кредиттері» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат): тақырыбында және 1-тармақта: «кредиттеріне» деген сөз «білім беру кредиттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; «студенттерге» деген сөз алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде: тақырыбында және 1-тармақта: «кредиттеріне» деген сөз «білім беру кредиттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; «студенттерге» деген сөз алынып тасталсын; 2-тармақтағы «жоғары білімге» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: 2) тармақшада «тәртіппен» деген сөз «тәртіппен және шарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) білім беру кредиті - жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық шарттарында кредитор қарыз алушыға беретін ақшалай қаражат»; «8) кепілдік беру жоспары - Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру шарттары.»; 23-тармақтағы «және 95 пайызынан артық» деген сөздер алынып тасталсын; 24-тармақ алынып тасталсын; 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Кепілдік беру жоспары қайта қаралған жағдайда жаңа шарттар жаңадан кепілдік берілетін кредиттерге қолданылады.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|