|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттiк монополия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат): 1) мазмұнында 153-баптың тақырыбы «кадастрының» деген сөзден кейін «және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 152-баптың 3-тармағында: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 3) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын: «153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны 1. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу мынадай қызмет түрлерін: 1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды; 2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды; 3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды; 4) мыналарды: жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерінің есебін; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды; 5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық түрде жинақтауды, өңдеуді және жүргізуді; 6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді; 7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауды және жүргізуді; 8) жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуді; 9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды; 10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді; 11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды. 2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке: 1) жергілікті жерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгiлеу; 2) жер пайдалануды қалыптастыру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жерлердi қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскелерiн беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгiлеу; 3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшiн жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.». 2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат): 1) 4-баптың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»; 2) 55-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «жасау;» деген сөз «жасау жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 13) тармақша алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орман ресурстарын есепке алуға, орман қорының аумақтық құрылымына, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеуге, ормандардың мемлекеттік мониторингіне, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлауға және орман пайдалануға байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 3) 77-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары» деген сөздер «осы салада маманданған ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 78-баптың 3-1-тармағындағы «уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат): 1) 28-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу кезiнде қоршаған ортаның iс жүзiндегi ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді жобаның тапсырыс берушiсiмен немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ұсынады. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық байланысты қызметке жатады.»; 2) 145-2-баптың 1-тармағында: бірінші сөйлем «пайдалана отырып» деген сөздерден кейін «, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын - ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 3) 274-баптың 8-тармағындағы «пайдаланушы ұйым мен мамандандырылған кәсіпорынның» деген сөздер «пайдаланушы ұйымның немесе осы салада маманданған ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 292-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетін белгіленген жерге тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншік иелерінің есебінен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»; «6. Коммуналдық қалдықтарды көмуді, қалдықтар полигондарын жасау мен пайдалануды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және осы салада маманданған өзге де ұйымдар жүзеге асырады.». 4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 63-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау»; 2) 5-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздердің алдынан «дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;»; 4) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) және 50-1) тармақшалармен толықтырылсын: «29-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу;»; «50-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»; 5) 17-бапта: 1-тармақтағы «Денсаулық» деген сөз «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, денсаулық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2 және 3-тармақтар алып тасталсын; 6) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 7) мынадай мазмұндағы 63-1-баппен толықтырылсын: «63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау 1. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының оларды Қазақстан Республикасында тіркеуге негіз болған тіркеу деректемесінің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін айқындау арқылы жүргізіледі. 2. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары бар, дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 8) 69-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпсіздігі және сапасы туралы қорытындымен расталмаған;»; 9) 71-баптың 11-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптаманы уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.». 5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерiн және жинақтарын есепке алуды жүзеге асыруға қажеттi және ақпараттың сенiмдiлiгiн, сақталуын және оны рұқсатсыз кiруден қорғауды қамтамасыз ететiн бағдарламалық қамтамасыз етiлуi; 5-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды 2) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код; 3) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу қатерiн азайту мақсатында, уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды әртүрлi қаржы құралдарына орналастыру; 4) бақылау - заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай талаптардың бiрi болған: заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегерiле отырып) елу пайызынан астамын бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленуi не заңды тұлғаның акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болған; бiр тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемiнде жартысын дербес сайлау мүмкiндiгi болған; Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне енгiзiлген; бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп шарттың (растайтын құжаттардың) күшiне қарай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болған кезде туындайды; 5) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары; 6) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға; 7) ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi; 8) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен, салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 9) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi; 10) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 11) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына салымшылардың өз бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 12) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi; 13) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi жүргізіледі; 15) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 16) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу; 17) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену арқылы айқындау мүмкiндiгi; 18) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы -уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе: жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру; жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешiмдерге шарттың күшiне қарай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда); 19) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi; 20) зейнетақы - уәкілетті ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы; 21) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары; 22) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға; 23) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi; 24) зейнетақы жинақтары - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы; 25) зейнетақы жинақтарының нақты құны - мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын, тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген зейнетақы жинақтарының номиналды құны; 26) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан жинақтаушы зейнетақы қорымен және екiншi тараптан салымшы және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушы жасасатын, зейнетақы жарналарына, жинақтарына және төлемдер алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт; 27) зейнетақы төлемдерi: уәкілетті ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу; жинақтаушы зейнетақы қорларынан - зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу; 28) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға; 29) инвестициялық декларация - зейнетақы қағидаларына қосымша болып табылатын және инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат; 30) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған ақша; 31) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдары жиынтығы; 32) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк; 33) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт; 34) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем; 35) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салынатын ақша;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |