|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 423-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттардың» деген сөздер «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 427-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «Ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «мемлекеттiк стандарттардың» деген сөздер «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 486-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1,4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3,7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 317 және 317-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «317-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу»; «317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты және Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу»; мынадай мазмұндағы 317-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «317-4-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу»; 2) 153-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 312-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мемлекеттiк стандарттармен» деген сөздер «ұлттық стандарттармен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 317 және 317-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «317-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын: 1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді шығару және өткізу; 2) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді көтерме немесе бөлшек саудаға, нарықтарға шығару; 3) сәйкестiк сертификаты, сәйкестік белгісі немесе сәйкестiк туралы декларациясы болмаған, сондай-ақ олар қолдан жасалған, қолданылу мерзiмi өтіп кеткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда, сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнімді импорттау және (немесе) өткiзу; 4) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу; 5) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылуын растау, сол сияқты сәйкестiк туралы декларацияны, өтініш-декларацияны негiзсiз қабылдау немесе тiркеу; 6) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде сәйкестiктi растау саласындағы жұмыстарды аккредиттеусіз жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық, - аккредиттеу аттестатын, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау, - аккредиттеу аттестатынан, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), - аккредиттеу аттестатынан, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - қырық бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; «317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты және Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу 1. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың тауар туралы деректерi бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін жасауы және оларды сараптама ұйымының беруі, - тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Тауардың шығарылуы туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi және техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тарту немесе Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруден бас тарту, - аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес: аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруі, - аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi шешiмді беру мерзімін бұзуы, - аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес: тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын алу үшін Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну, - дара кәсiпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), - тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарына, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындыларын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға), - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) мынадай мазмұндағы 317-4-баппен толықтырылсын: «317-4-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын: 1) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орамдағы өлшеп оралған тауарлар санының орамдарда белгіленген шамаға сәйкес келмеуіне жол беру; 2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар салмағының, көлемінің, шығысының немесе олардың санын сипаттайтын басқа да шамалардың бақылау (тауар) чегінде немесе тексерілетін тауарлардың сатып алынғанын растайтын өзге де құжатта көрсетілген тауарлар санына сәйкес келмеуіне жол беру; 3) аккредиттеусіз өлшем құралдарын салыстырып тексеру, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау; 4) түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енбеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару, қолдану, өткізу және жарнамалау; 5) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық, - аккредиттеу аттестатын, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатын, салыстырып тексеруші сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау, - аккредиттеу аттестатынан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), - аккредиттеу аттестатынан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы сертификатынан, салыстырып тексеруші сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - қырық бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 6) 356-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «313-баптарында, 317-баптың екінші бөлігінде, 317-1,» деген сөздер «313, 317, 317-1, 317-4,» деген цифрлармен ауыстырылсын; 7) 541-баптың бірінші бөлігі «317-2,» деген цифрлардан кейін «317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 8) 566-баптың бірінші бөлігі «317 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «317-4 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 630-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «мемлекеттiк стандартқа» деген сөздер «ұлттық стандартқа» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: екінші абзац «163-4,» деген цифрлардан кейін «165,» деген цифрлармен толықтырылсын; қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктері), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 356, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);». 3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102- құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат): 80-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат): 1) 83-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 85-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 87-баптың 4) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарын» деген сөздер «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 90-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 91-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат): 230-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат): 311-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 330-баптың 5-тармағындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарында» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 334-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «мемлекеттiк стандартқа» деген сөздер «ұлттық стандартқа» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 1-тармағының 62) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 7-баптың 1-тармағының 35) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |