Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 Қаулысымен күші жойылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 51 қаулысымен бекітілген
«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек
1. Осы «Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - МОЖБ)- мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; 2) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері - үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған ұйымдар, үйде қызмет көрсету ұйымдары; 3) тұтынушы - оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар: жалғызілікті, жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттар; отбасында тұратын тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар; отбасында тұратын психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар; отбасында тұратын психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар; 4) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|