Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2011.24.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 наурызда және 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Әділет министрінің м.а. 2011.24.05. № 194 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық нормативтік актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде: 3-1-тармақ «жедел-тәртіп құрамы» деген сөздерден кейін «және мекеменің медицина бөлімі қызметкері» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1 - тармақпен толықтырылсын: «6-1. Қоныс-колонияларында сотталғандар медициналық тексерілу және емделу мақсатында денсаулық сақтау мекемелеріне жіберіледі.»; мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын: «7-1. Бұрын жазасын өтеген мекемеден тыс қандай да бір себептермен кеткен сотталғанды қабылдау, осы тараудың 3-7 тармағына сәйкес жүзеге асырылады»; 10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Егер сотталған дене кемшілігіне, науқастығына байланысты немесе оқу мен жазуға үйренбесе, қол қою арқылы ақпаратпен таныса алмаса (мүгедек, көру қызметінің бұзылуы, жоғарғы буындарының жоқ болуы және т.б.), онда ақпарат ауызша түрде ұсынылады;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|