«Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі бекітілсін»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|