«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 242 (26303) «Казахстанская правдада»; 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 243 (26304) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінде: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) амортизация - пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнының жүйелі бөлінуі;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) ақшалай (монетарлы) баптар - қолдағы бар валюта бірліктері, сондай-ақ валюта бірліктерінің тіркелген немесе айқындалатын санында көрініс тапқан алуға немесе төлеуге жататын активтер мен міндеттемелер;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) ақшалай балама - ақша қаражатының белгілі бір сомасына оңай айырбасталатын және құнының өзгеруінің елеусіз тәуекеліне ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) активтің өтелетін құны - сатуға және оның пайдалану құндылығын жұмсалатын шығындарды шегере отырып, активтің әділ құнының ең көп мәні;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) активтің құнсыздануы - амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|