ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген. 2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары білім беруді: 1) осы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 2) үлгілік оқу жоспарларына; 3) Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2017.15.08. № 484 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: 1) білімнің мазмұнына; 2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне; 3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды. 4. Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер және олардың анықтамалары енгізілді: 1) Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі; 2) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті - орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пәндер жиынтығы. 3) Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті - білім алушылардың білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім беретін ұйымдар анықтайтын оқу пәндері мен курстардың жиынтығы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|