«Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 254 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4289 тіркелген, «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 243-244, 2012 жылғы 4 ақпандағы № 20-21, 2012 жылғы 7 ақпандағы № 22 және «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 213-214, 2012 жылғы 2 ақпандағы № 17 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.»; аталған қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|