|
Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат; 2011 ж., № 7, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және: бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын; бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын; мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты; объектілер бөлінісінде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін; объектілер бөлінісінде бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлінісінде нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды; 2) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және: республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы; облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы; бюджеттік мониторинг нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері; орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|