Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 298 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6248 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетіне № 506-512 (26355) болып жарияланған): бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасын және 25-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидасындағы: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. ЕҚТА паспортын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕҚТА құру және кеңейту туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шешім қабылдағаннан кейін ЕҚТА құрудың және кеңейтудің техника-экономикалық және жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне сәйкес алты ай ішінде жүргізіледі.»; 7-тармақ алып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Орталық атқарушы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және өздерінің қарауындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ЕҚТА паспорттарын бекітеді және оларды тіркеуге (қайта тіркеуге) уәкілетті органға береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|